Қазақстанда жол қызметі жүргізушілерге қар құрсауынан шығуға көмектесуде

14.01.2024 22:31

Машиналар колоннасы ұйымдастырылды

Сгенерировано ИИ

Көкшетау қаласынан Астана қаласы бағыты бойынша жол қызметі мен ЖПҚ сүйемелдеуімен машиналар колоннасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ пайдалану департаментінің бас менеджері Серік Мырзағалиев республикалық маңызы бар автожолдардағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

- Астана-Шортанды және Астана-Теміртау учаскелері бойымен жол қызметі жол басқармасы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен автоколонна ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн. Әр колоннада 400-ге жуық техника қозғалысын жалғастыруда, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ пайдалану департаментінің бас менеджері Серік Мырзағалиев.

Алайда жол қозғалысы мен қашықтық ережелерін сақтамау себебінен 154 км жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 автокөлік соқтығысып қалды.

Осыған байланысты, құрметті автожол пайдаланушылары, ауа-райының қолайсыздығын назардан тыс қалдырмай және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Айта кету керек, автожолды тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары жалғасуда. Дәл қазір аталған желіге 20 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 39 адам қар құрсауынан құтқарылды