Алдағы апта Алматыда ауа райы қандай болады?

© Андрей Чебодаев
© Андрей Чебодаев
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шіліңгір шілденің ыстығы әзір қайта қоймайтын сияқты. Синоптиктер алдағы күндерге қандай болжам жасап отыр? Ол туралы «Қазгидромет» Алматы қаласындағы филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев тікелей эфирде айтып бермек.

– Қайырлы кеш, Дәулет мырза. Сенбі-жексенбі күндері Алматыда ауа райы қандай болмақ?  

– Кеш жарық. Осы демалыс күндері Алматы қаласында ауа-райы жақсы болады. Жауын-шашынсыз ауа температурасы түнде +17-22 градус. Ал күндіз +30-35 градус жылы болады.

– Ал, таулы аймақтарға қандай болжам бар? Табиғат аясына барып демалушыларға қандай кеңес бересіздер?

– Тауда күн алабұлтты болады. Түстен кейін өткінші жауын жауып, соңы бұршаққа ұласуы да ықтимал.  Ал, ауа-температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады.  

– Келесі аптада да дәл осындай ыстық бола ма?

– Келесі аптаның 30-31 шілде күндері өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, жел екпіні күшейеді деп күтілуде.  Ауа температурасы түнде +20-25 градус жылы, ал күндіз -33-38 градусқа дейін көтеріледі.  

– Тұшымды ақпарыңызға рақмет. Тікелей байланыста болған «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев.  

Новости партнеров