Күшті жер сілкінісінен кейін Жаңа Зеландияға цунами қаупі төніп тұрған жоқ
Жаңа Зеландияның Кермадек аралдарында бейсенбі күні жергілікті уақытпен 13:56-да магнитудасы 7,0 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Гавай аралдарындағы цунами туралы ескертетін Тынық мұхит орталығы «Кермадек аралдарының кейбір жағалауында 0,3-1 м дейін жететін цунами болуы мүмкін деп хабарлады.
Ал елдің Төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігінің дерегі бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін Жаңа Зеландияға цунами қаупі төніп тұрған жоқ.