Қазақстандықтарды 20 ақпанға дейін ұзақ жолға шықпауға шақырды

Қазақстандықтарды 20 ақпанға дейін ұзақ жолға шықпауға шақырды
«Қазгидромет» мамандары осы айдың 18-і мен 20-сы аралығында еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын, көктайғақ, жауын-шашын мен екпінді жел соғады деп болжап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстандықтардан 20 ақпанға дейін жолға шықпауды сұраймын». Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осындай өтініш жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Владимир Беккер алдағы үш күнге жарияланған дауылды ескертуге қатысты осылай деді. Ал «Қазгидромет» мамандары осы айдың 18-і мен 20-сы аралығында еліміздің бірқатар өңірінде  бұрқасын, көктайғақ, жауын-шашын мен екпінді жел соғады деп болжап отыр.  

«Ресейдің еуропалық аймағынан келесі циклоны келе жатыр. Соған байланысты алдағы үш тәулікте республикамыздың көптеген облыстарында қар жауып, бұрқасын күтілуде. Екпінді жел соғады, тұман мен көктайғақ бақыланады. Ал республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сулы қар жауып, кей жерде жауын-шашын жауады. Ауа температурасы төмендейді, алайда климаттық нормадан жоғары сақталады», – деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура САЙЛЫБАЕВА.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. «Қазавтожол» таратқан мәлеметке сүйенсек, Алматы облысындағы Үшарал – Достық торабының 83-тен 184-і шақырым аралығы және Екатеринбург – Алматы тасжолы да жабық.  

Новости партнеров