Жаңбыр, жел: 27 маусымға арналған ауа райы болжамы

golos.io
golos.io
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше өңірлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының бірқатар аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.

Жамбыл, Атырау, Қызылорда облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Новости партнеров