Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

24.07.2019 22:19

m.yandex.com

Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.