Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді
фото пресс-службы ДЧС Алматы
Бүгін Медеу, Бутаковка автожолдарында, Экопосттан жоғары 3 мәрте жасанды қар көшкіні жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған дейін қалалық ТЖД Үлкен және кіші Алматы шатқалдарында қардың көп түсуіне байланысты профилактикалық қар көшкіні жоспарланғанын хабарлаған болатын.
Алайда толассыз қар жаууына байланысты жасанды қар көшкінін жүргізу кейінге қалдырып келген.
Бүгін Медеу, Бутаковка автожолдарында, Экопосттан жоғары 3 мәрте жасанды қар көшкіні жіберілді. Екі жолды 200 және 600 текше метр қар басып қалды.
Оны тазалауға «Қазселденқорғау» ММ 5 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды. ТЖД өкілдері алматылықтар мен қонақтарға таулы аймаққа серуенге шықпауға кеңес берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
14.11.2026 09:11