4-8 сәуір аралығында жылымықтың әсерінен қар көшкіні жүруі мүмкін
Синоптиктер Алматы тұрғындарын қар көшкініне тап болмас үшін барынша абай болуға шақырады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«4-8 сәуір аралығында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және алда болатын жауын-шашынға байланысты Үлкен Алматы су алабында (2100 метр биіктікте) қар көшкіні жүруі мүмкін», - деп ескертеді мамандар.
Осыған байланысты тау бөктеріне шығуды кейінге қалдырған жөн. Қазгидромет тауға шыққан жағдайда барынша абай болу керектігін еске салады.