Республиканың көп бөлігінде бұрқасын болады
Қызылорда облысы
23 ақпанда Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман түседі. Қызылорда қ.: 23 ақпанда кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысы
23 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Түркістан қ.: 23 ақпанда кей уақытта тұман түседі. Түнде көктайғақ.
Абай облысы
23 ақпанда күндіз Абай облысында батысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
23 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысында шығысында, оңтүстік-шығысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз сақталады.
Қостанай облысы
23 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Қостанай қ.: 23 ақпанда тұман түседі.
Жамбыл облысы
22-24 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 22-23 ақпанда күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 23-24 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. 22-24 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: 22-24 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі. 23 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ болады.
Оқи отырыңыз: Бүгін 42 градус қатты аяз сақталады