Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

25.02.2022 22:38
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Атырау облысының батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. 

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының шығысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының батысында тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.