Алматыда қар жауып, көктайғақ болады – ТЖД ескерту жасалды

Almaty.tv
Almaty.tv
9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк- шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;

- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек; - абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға) алаңдамаңыз.;

- әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз;

- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

- есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.


 

Новости партнеров