|
29.08.2019 | 17:40
3443

«Жел тұрып, жаңбыр жауады»: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Прогноз погоды на 30 августа

«Жел тұрып, жаңбыр жауады»: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы franberger.com

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды, солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде қатты нөсер жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында ертең кей уақыттарда шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел тұрады.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз шаңды дауыл тұрады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир