Ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін тұрғындар алаңдаулы
Шымкентте өрік ағашы гүлдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін тұрғындар алаңдаулы. «Үсік ұрып кете ме» деп уайымдайды. Ал синоптиктер алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Шуақты күндер аптаның соңына дейін сақталады. Өңір аумағында ауа температурасы +18+24 градусқа дейін ысиды. Тек демалыс күндері аздап жауын шашын болады, сынап бағанасы біршама төмендейді, алайда жылылық сақталады.