Синоптиктер бірнеше күнге ауа райы болжамын айтты
Синоптиктер Қазақстанда 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазақстан аумағынан аяз әлі кетпейді. Ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аязды, желсіз ауа райы сақталады", - деді метеорологтар.
Болжам бойынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарына ғана әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейіп, боран соғады.