Елімізде атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ жауып, жел тұруы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрады, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қостанай облысының бірнеше өңірлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,
Түркістан облысында күндіз бірқатар аудандарда дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысының кей жерлерде Маңғыстау облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.