Алдағы күндері ауа райы қандай болады

25.05.2022 22:59

Орталықта найзағай ойнап, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

«Ресейдің Екатеринбург аймағынан шыққан циклон республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта», - деп болжайды синоптиктер. 

Сонымен қатар орталықта найзағай ойнап, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Ал, солтүстік-батыс антициклонының басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі ықтимал. Мәселен, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.