24 ақпан күні Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, тұман болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысы мен шығысында оңтүістік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні таңертең және күндіз 15 м/с-қа дейін жетеді. Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында тұман түсуі болжанып отыр. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. 26 ақпан күні күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысында тұман.
Орал қаласында да түнде тұман түседі, көктайғақ. Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман болмақ. Қарағандының өзінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман болмақ. Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін Облыстың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысы, солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болмақ, Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз жаяу бұрқасындатып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.