Синоптиктер болжамы: 13 қаңтарда Алматыда қалың қар жауады

12.01.2021 23:04

Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін айтып ескертті

©Sputnik / Тимур Батыршин

Қазгидрометтің болжамы бойынша Алматы қаласында 13 қаңтарда түнге қарай қар жауып, қалың қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімдігі коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұрайды. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін айтып ескертті.

Соынмен қатар, көлікпен жүру өте қажет болса, онда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен кілт бұрылыс  жасамауға, жол-көлік апатын тудырмауға шақырды.