Алдағы үш күнде бірқатар өңірде жаңбыр жауады

10.04.2019 23:12

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көп жылдық мәннен 3...6°С жоғары болады

Синоптиктер 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы атмосфералық фронттар кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына себеп болады. Ресейдің еуропалық бөлігінен батыс облыстарға қарай атмосфералық фронттар жылжиды, соның салдарынан 12 сәуір күні кей жерлерде жаңбыр күтіледі.

Ал Қазақстанның қалған аймақтарында соңғы бірнеше күн бойы жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталып тұр. Оған себеп болған антициклон әлі де өз ықпалын сақтайды.

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көп жылдық мәннен 3...6°С жоғары болады.