Алматыда келесі аптада жауын жауады – синоптик

29.03.2019 23:13

Мамандар осы демалыс күндері тауға бармауға кеңес береді

иллюстративное фото

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, қала маңындағы Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан мамандар осы демалыс күндері тауға бармауға кеңес береді.

Жалпы, келер аптада Алматыда қандай ауа-райы күтілуде? Синоптиктер сәуір айының басына қандай болжам жасап отыр? Бұл жөнінде «Қазгидрометтің» Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ айтып береді.