Кей өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту сақталады
Қарағанды облысы
26 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қ.: 26 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысы
26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі.
Ақмола облысы
26 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 26 қаңтарда жаяу бұрқасын болады.
Ұлытау облысы
26 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Жезқазған қ.: 26 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын болады.
Астана
Астана қ.: 26 қаңтарда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
Алматы облысы
26 қаңтарда таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстік жартысында кей уақытта көктайғақ, тұман болады. Алматы қ.: 26 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта көктайғақ болады. Күннің соныңда тұман. Қонаев қ.: 26 қаңтарда күндіз кей уақытта тұман түседі.
Абай облысы
26 қаңтарда күндіз Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысы
26 қаңтарда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау өткелдерінде күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қ.: 26 қаңтарда түнде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Түркістан қ.: 26 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
Қызылорда облысы
26 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Қостанай облысы
26 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар, бұрқасын болады.
Павлодар облысы
26 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
25 қаңтардың сағат 21.00-ден 26 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Жамбыл облысы
26 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 26-27 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. 26-28 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 26-28 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26, 28 қаңтарда екпіні 23 м/с жетеді. Тараз қ.:. 27-28 қаңтарда түнде және таңертен тұман түседі. 26 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысы 24-26 қаңтарда Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.
Оқи отырыңыз:Алматы қаласы бойынша 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы