Алматыда қардан тазарту жұмыстарына 1500 жұмысшы жұмылдырылды

09.02.2022 23:46

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды

Алматы қаласында 9 ақпан күні сағат 12.00-де қар жауа бастады. Сағат 18.00-де қалада 10 см, тау бөктері мен таулы аудандарда 15 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 450 тонна пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарды сыпыру жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 159 текше метр қар шығарылды.

621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1532 жұмысшы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қардан тазарту жұмыстарының өндірісін бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы -4...-6 болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.