Алматыда күн райы қалай құбылмақ - синоптиктер

10.02.2023 23:56
inform.kz

Алдағы демалыс күндері еліміздің батысы мен шығысында қалың қар жауса, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал Алматыда күн райы қалай құбылмақ.

«Өткен тәулікте солтүстік-батыстан келіп түскен суық ауа массасының әсерінен Алматы облысының аумағында атмосфералық пронттар белсенді болды. Соның нәтижесінде облыс көлемінде және Алматы қаласында түнде қар жауып өтті. Жауған қардың қалыңдығы Алматы қаласы бойынша 30 сантиметр, ал Шымбұлақ тауларында 80 см-ға дейін жетті. Алдағы тәуліктерде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Апта соңына қарай, Алматы облысы және қала аумағында жауын жауады деп күтілуде. Сонымен бірге ауа-температурасы біртіндеп жоғарылай бермек. Түнде ауа температурасы 10-12 градус аяздан 0-ге дейін көтерілсе, күндізгі уақытта сынап бағанасы +3-5 градусты көрсетеді», – деді синоптик Баян Танаева.