|
29.01.2022 | 19:13
3624

Алматы көшелерін қардан тазартуға 1410 жұмысшы жұмылдырылды

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматы көшелерін қардан тазартуға 1410 жұмысшы жұмылдырылды пресс-служба акима Алматы

Алматыда 29 қаңтар күні сағат 13.00-де қар жауа бастады. Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға, жол қиылыстарына, көлік айрықтарының құламаларына көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 23 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын және басқа да жалпы пайдалану орындарын тазалауға ерекше көңіл бөлінді", – делінген Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарламасында.

619 бірлік арнайы техника, оның ішінде 203 құмшашқыш және 1410 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша кешке қарай қардың түсуі тоқтайды. Таңертең түске дейін аздаған жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде -4 градусқа дейін, 30 қаңтарда күндіз 0 шамасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир