19 қарашада республика бойынша қандай жолдар жабық

19.11.2025 10:01

 Солтүстік Қазақстан облысындағы жолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты барлық көліктің қозғалысы шектелді

Depositphotos

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Компанияның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы жолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты барлық көліктің қозғалысы шектелді. Бұған дейін толассыз жауын-шашын және ауыр жүк көліктерінің көп жүруі салдарынан KZ15-08 «Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) жол ойылып кеткен.

Сонымен қатар 5 қарашадан бастап тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады. Бұл шара таулы жерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып, қыс маусымы аяқталғанға дейін күшінде болады.

 Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты