5 наурызда жаңбыр мен қар аралас бұрқасын күтіледі: Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады

05.03.2021 00:06

Соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін

zakon.kz

Қазгидрометтің болжамы бойынша, Алматы қаласында 5 наурызда сағат 4.00-ден бастап жаңбыр мен қар аралас күшті бұрқасын күтілуде, соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қар жауған кезде коммуналдық қызметтердің қарды жедел және сапалы тазалауы үшін жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын мүмкіндігінше шектеуді және жеке көлігін жол жиегіне қоймауды сұраймыз. Жеке көлікті пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайда, біз жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және «маневр» жасамауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерден абай болуды сұраймыз» делінген хабарламада.