Астанада бір күнде 128-ге жуық жол апаты тіркелді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қыстық дөңгелек салмаған тізгіншілерге айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада қыстың алғашқы күнінде қар жауып, 2 мыңнан астам адам қар күреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуелде айтқандай қаладағы қарды күреуге 2 мыңнан астам маман шықса, 1 мыңнан көп техника жұмылдырылды. Олар тәулігіне 24 сағат 2 ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Қалалық коммуналдық қызметке осы кезде күш түсетіні сөзсіз. Дегенмен, Астана тазалық өкілдері қысқа тас түйін дайын.

– Қар шығаруға арналған полигондар бар. Қазір солар өз қызметін атқарып жатыр. Көктайғаққа байланысты жазда құм, реагент, тұз қоспасын дайындап қойғанбыз. Техниканың бәрі іске қосылды, – деді «Астана тазалық» ЖШС өндірістік бөлімінің бас маманы Ержан Айтмаханұлы.

Қалалық полиция департаменті бүгін көктайғаққа байланысты 128-ге жуық жол апаты тіркелген деп ақпарат таратты. Осыған байланысты жүргізушілерді абайлап жүруге шақырды. Бүгіннен бастап қыстық дөңгелек ауыстырмаған жүргіншілерге айыппұл салына бастайды. Оның көлемі 10 мың теңгеден асады.

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері Қазақстанның таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады деп болжап отыр. Ал солтүстік бөлігінде жауынмен қоса, көктайғақ болуы мүмкін. Жел соғады. Тұман түседі. 4 желтоқсаннан бастап күн күрт суытады. Оңүстік бөлікте 5 -10 градусқа төмендесе, солтүстік пен орталықта 15-20 градусқа суытады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 4-10 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров