Елімізде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

25.06.2019 00:15

25-27 маусым аралығындағы ауа-райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, 25-27 маусым аралығында елімізде аптап ыстық болады деп күтілуде.

Нақты айтқанда, ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – республиканың оңтүстік бөлігіне қатысты ақпарат.

Ал еліміздің батыс өңірінде үш күннен соң ауа райы құбылып, жауын-шашын түсіп, күн күркірейді деп болжайды синоптиктер.