|
13.03.2023 | 20:05
575

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Жетісу мен Жамбыл облысында өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады egemen.kz

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Жетісу мен Жамбыл облысында және Алматыға іргелес аймақта еңіс ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Салдарынан қаладағы су арналары толып, тасу қауіпі бар деп ескертеді.

«Бізде қала ішінен ағып өтетін ірі 4 және 50-ге тарта ірілі-ұсақты өзен бар. Су басу және сең жүру көктем мезгілінде орын алады. 13 желтоқсанда сең жүріп,  мамандар және құтқару қызметінен адамдар тартылып, алдын алуға 5 техника бөлінген болатын. Қазір арнайы мобильдік посттар ірі өзендердің бойына қойылған. Су тасқыны бақылауымызда десек болады. Сел – ірі залал келтіретін табиғи залалдың бірі болып саналады. Алматы қаласы бойынша биік таулы мореналық 51 көл бар.  Олардың арасында 14 көл ең қауіпті деп танылған. Селдің қауіпті кезеңі 15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Оны бақылау үшін әуеден шолу, зерттеу жұмыстары жүргізілді», – деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық басқармасының бөлім басшысы Әлішер Тоқтасын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир