Алдағы күндері ауа райы қандай болады

04.08.2023 01:14

Алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін

liter.kz

Биыл Қазақстандағы аптап ыстық рекордтық деңгейге жетті. Күннің қызуы қашан қайтады? Бұл сұраққа «Алматы» телеарнасына сұқбат берген инженер-синоптик Лаура Қанат жауап береді.

– Алдағы күндері қай өңірде ауа райы өзгереді?

– Республика бойынша алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа райы болады. Яғни, жауын-шашын жауып, найзағай болады және жел күшеюі мүмкін. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болғанымен, ауа температурасы қатты өзгермейді. Тек солтүстік аймағында ауа температуарсы біртіндеп төмендейді.

– Қазақстанның қай өңірінде жауын жауады? Аптап ыстықтың қайтатын түрі жоқ қой?

– Қазақстанның солтүстік аймақтарында жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін. Бұл СҚО және Ақмола, Павлодар облысында алдағы үш тәулікте жауын жауып өтеді. Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 6 тамызда 23 градусқа дейін түседі.

Оқи отырыңыз: Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады