Алматыда мереке күндері ауа райы қандай болады

03.03.2023 01:16
egemen.kz

Бұрқасын, жел, тұман. Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа-райы бұзылады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өткен аптада Қазақстанның басым бөлігінде, сонымен қатар батыстан келген суық ауа Қазақстанның оңтүстік аймақтарына дейін жетіп, Алматы қаласында  жауын жауады. Ауа температурасы бірден 10 градусқа дейін төмендеп, қала тұрғындары айтарлықтай суық күнді сезінді. Бірақ, алдағы күндері синоптиктер Алматы қаласында жауын-шашын күтпейді. Ауа температурасы түнде 0-ден жоғары болса, күндіз 15-17 градусқа дейін көтеріледі. Егер Алматы қаласында ауа райына қатысты қауіпті құбылыстар болса, синоптиктер міндетті түрде алдын ала штормдық ескерту жариялайды», – деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуова.  

Ақпан айында еліміздің бірқатар өңірінде су басып, таулы аймақтарда сел жүрді.

«Алматы қаласы селге сезімтал аймақ болып табылады. Бірақ алдағы күндері ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты «Қазгидромет»  селден қорғау орталығымен бірлесе отырып, ескерту жариялаған. Сел жүру қаупіне қатысты мамандар қатаң назарда ұстап отыр. Егер ондай бір қауіп болса, онда тұрғындарға алдын ала ескертіледі.

Наурыз айы келіп жетті. Яғни, көктем. Бірақ көктем айлары қыс пен жаздың арасындағы өтпелі кезең болғандықтан, ешқандай суық болмайды деп айта алмаймыз. Ұзақ мерзімді болжау бөлімінің мәліметі бойынша, біз алдағы айда да солтүстіктен түсетін суық синоптикалық трафиктерді күтеміз. Бірақ  «Қазгидромет» орталығының синоптиктері алдын ала 1 апта бұрын ғана болжай алады. Ал алдағы мереке күндері ауа райының тұрақсыз болады. Яғни, 6 наурыз күні Алматы қаласында күн бұлтты, жауын-шашын жауады. Жел жылдамдығының да екпіні 3-8 метр секундына дейін көтеріліп, ауа температурасы түнде 0-ден жоғары, күндіз 12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 8 және 9 наурыз күндері де ауа рай құбылмалы болады», – деді  деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуова.