Найзағай ойнап, күн күркірейді
Алматыда сенбі-жексенбі күндері басталған жауын-шашын алдағы апта бойына жалғасады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Демалыс күндері Алматы қаласында ауа райы салқын болады. Аспан бұлттанып, жаңбыр жауады, күн күркірейді, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, күндіз 15-20 градус жылы болады.
Таулы аймақтарда таңертең және түнде қалың тұман түседі. Ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады.
Алдағы аптада да ауа райы құбылмалы. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 8-13 градустан 4-9 градусқа дейін, ал күндіз 15-20 градустан 10-15 градусқа дейін төмендейді», – дейді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ.