Синоптиктер Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болатынын айтты
Тәуелсіздік мерекесінде қазақстандықтарды жауын-шашынсыз ауа райы күтеді. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптигі Гүлайым Дәулетхан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Еліміздің барлық аумағы антициклонның ықпалында болады. Иран аумағынан келетін жылы ауа желтоқсан айы болып тұрғанына қарамастан, термометр бағанын біршама жоғарылататын болады. Тек еліміздің Батыс аумақтарына 17 желтоқсан күні Солтүстік Батыс циклоны өзінің әсерін тигізеді. Сондықтан осы өңірлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді. Алайда жайлы температура сақталатын болады», – деді «Қазгидромет» синоптигі Гүлайым Дәулетхан.