Сондай-ақ топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады