Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Найзағай ойнап, бұршақ жауады деген синоптиктер ел азаматтарын ауа райына сай әрекет етуге шақырады. Дегенмен айтарлықтай өзгеріс болмайды.
«22-24 маусым аралығында оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 24-маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша бұршақ жауып, дауыл соғып, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды», – деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Бақытжан Қанатұлы.