Еліміздің қай өңірінде күн бұзылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қазгидромет синоптиктері бірқатар өңірде ескерту жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет синоптиктері 28 қаңтар, сенбі күні бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында және Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, қарқыны - 18-23 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Новости партнеров