Келесі аптада Алматыда күн жылынады
Келесі аптада Алматыда күн жылынады. Синоптиктер наурыз айына қандай болжам жасап отыр? Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ айтып берді.
«Осы демалыс күндері Алматы қаласы және Алматы облысы оңтүстік-батыс антициклонның перефериясында болады. Алматы қаласында ауа райы жауын-шашынсыз, жақсы болады. Ауа температурасы түнде 0, +5 градус жылы болады. Ал күндіз +8, +13 градус жылы болады. Таулы аймақтарда да дәл солай. Ауа райы жақсы болады. Жауын-шашынсыз, ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады. Бірақ 9 наурыз күні таулы аймақтарда аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы қаласының «Қазгидромет» филиалының ұжымының атынан Алматы қаласының қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!», – деді Дәулет КИСЕБАЕВ.