Қазақстанда аяз бен боран болады: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Астанада қар аралас жаңбыр жауады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы

26 қазанда түнде және таңертең Манғыстау облысының шығысында, орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы

26 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

26 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

26 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

26 қазанда Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында 15-20 м/с болады. Қызылорда қ.: 26 қазанда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Ақмола облысы

26 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 26 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 26 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

26 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 26 қазанда түнде және таңертең көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

26 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ: 26 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

26 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Семей қ: 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

26 қазанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар қ.: 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

26 қазанда кей уақытта Қарағанды облысында қатты жаңбыр болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

26 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

26 қазанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл облысы

24-26 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. 24-26 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 25 қазанда күндіз, 26 қазанда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде 24 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудадарында, 25 қазанда облыстың таулы аудадарында 2 градус үсік жүреді. Тараз қ.: 24 қазанда тұман күтіледі. 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оқи отырыңыз: 25 қазанға арналған ауа райы болжамы

Новости партнеров