Жел, бұрқасын және тұман: 7 наурызға арналған ауа райы болжамы

07.03.2024 12:20

Республиканың солтүстігінде қар күтіледі

Victor Glutsenko

Қостанай облысы

7 наурызда күндіз Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысы

7 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысы

7 наурызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында 7 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысы

7 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жаңбыр, облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақытта 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға, 8 наурызда күндіз 12-17 жылыға дейін жоғарылайды, 9 наурызда 8-13 градус жылыға дейін аздап төмендейді.

Түркістан облысы

Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылыға, 08 наурызда күндіз 15-20 градус жылыға дейін жоғарылайды, 09 наурызда күндіз 10-15 градус жылыға дейін аздап төмендейді.

Жамбыл облысы

5-7 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 7 наурызда оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 7 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 6-7 наурызда түнде және таңертең тұман түседі. 07 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз: Наурызда ауа райы қандай болады