Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін
Синоптиктер 13 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым аумағы оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерлерде найзағай күтіліп, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батысында – тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Қарағанда, Павлодар облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 18 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.