15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

15.11.2023 07:41

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

elements.envato.com

Синоптиктер 15 қарашада республика өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 15 қарашада оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысы

15 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Қонаев қ.: 15 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

15 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысы

15 қарашада Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады. Ақтау қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысы

15 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысы

15 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады.

Ақмола облысы

15 қарашада Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 15 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

15 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 15 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысы

15 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

15 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

15 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавл қ.: 15 қарашада оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысы

15 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

15 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысы

13-15 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 13-15 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: 13-15 қарашада тұман болады.