Республика бойынша тұман, екпінді жел болуы мүмкін
Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын жауады, солтүстігінде көбінесе бұрқасын болып, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болуы мүмкін.
Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.
Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Астанада бұлтты, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2…-4°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +8...+10°C болады.