Қар, тұман және көктайғақ: 27 ақпан күнгі ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Республиканың оңтүстік-шығысында ғана сәрсенбі жауын-шашынсыз өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қаазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 25 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с артуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында желдің күші 15-20 м/с күшейетіні болжанады.

Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 26 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы ауа райы қандай болады

Новости партнеров