Көктайғақ, тұман: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы

13.03.2024 07:31

Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады

Фото: Victor Glutsenko

Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 11-17 наурыз аралығында ауа райы қандай болады