Cиноптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады

14.12.2023 06:14

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды

elements.envato.com

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 14 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі», – дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды.

Түнде солтүстікте, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында  -33-38°С аяз болады, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -31-36°С шамасында болады.

Түркістан және солтүстік-шығыс Жамбыл облыстарының таулы асуларында синоптиктердің болжауынша, желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.