Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806-шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
Батыс Қазақстан облысы
• «Атырау – Орал» автожолы, 372-492-шақыры, (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін);
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолының, 195-246-шақырым, (РФ шекарасы Сырым ө/п - Орал қ. МАИ бекеті);
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393-шақырым, (Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін);
• «Орал – Тасқала – РФ шек.» 4-104-шақырым, (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін).
Жылдамдық шектеуі
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164-шақырым аралығында (Анар станциясынан Теміртау қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін шектелді.
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автомобиль жолының 105-231-шақырым аралығында (Ақкөл қаласы – Щучинск қаласы) барлық автокөлік түрі үшін жылдамдық режимі 80 шақ/сағ-тан 60 шақ/сағ-қа дейін өзгертілді.
Жабық жолдар
Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автомобиль жолының 195-246-шақырым аралығында (РФ шекарасы – ГАИ бекеті учаскесі) жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елдімекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қалқаман елдімекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы және Павлодар қаласынан Қалқаман елдімекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 22-28 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады