Жаңбыр, бұршақ, жел: 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

ЯНДЕКС.ДЗЕН
ЯНДЕКС.ДЗЕН
Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 28 тамызда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғып, дауыл соғады және жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров