|
01.07.2019 | 11:25
16130

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Лишь в центральной части страны пройдут дожди с грозами - Казгидромет

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Sputnik

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

1 шілде күні Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

1 шілде күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады.

Ақтауда 1 шілдеде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

1 шілде күні Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аптап ыстық 43 градустан асып түседі.

Шымкентте 1 шілдеде ауа температурасы 41 градусқа жетеді. Түркістанда 1 шілде күні ауа температурасы 41-43 градус аяналасында болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Түркістан облыстарында күн қатты ыстық болады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир