Қазгидромет синоптиктері 28 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел болады, - делінген ведомство хабарламасында.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Оқи отырыңыз: 28 қыркүйекке арналған валюта бағамы