|
29.11.2023 | 04:03
8057

Еліміздің 14 өңірінде жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман болады

Кей облыста қатты жел соғады

Еліміздің 14 өңірінде жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман болады elements.envato.com

Еліміздің 14 облысында 29 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Жезқазғанда да күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Атырауда да түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Кешқұрым Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан жел соғады деп болжанады. Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, Түркістанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Қостанайда түстен кейін көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир